Created with Sketch.
Зауытқа экскурсия жасау
8 800 080 33 37шұғыл мәселелер бойынша шұғыл байланыс желісі
8 800 080 33 37 — шұғыл байланыс желісі, тәулік бойы
Зауытқа экскурсия жасау

EFES KAZAKHSTAN 2019 ж. бірінші жарты жылдықтын қорытындысы бойынша нәтижелерді жариялайды

AC NIELSEN Kazakhstan деректеріне сәйкес, EFES KAZAKHSTAN компаниясы Қазақстан нарығында 51,6%-ға тең нарық үлесі бар көшбасшы болып табылады. Бұл ретте, Қазақстан сырасы нарығындағы сатудың жалпы көлеміндегі компания нарығының үлесі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға артып, бұрынғыша өсу үрдісін көрсетіп отыр. Марканы білу, соңғы жасалған сатып алу, тұтыну жиілігі, оның ішінде соңғы айдағы көрсеткіштер бойынша «Кружка Свежего» және «Белый Медведь» маркалары қазақстандықтардың сүйікті брендтері екен, олар тиісінше нарықтың 13% және 13,2%-ға тең үлесін алып отыр. 

Компания сегменттер бойынша да көшбасшылық орынды иеленіп келеді. Мәселен, премиум сегментінде EFES KAZAKHSTAN нарықтың 63%-ға тең үлесіне ие болып, көш бастап тұр. Сегменттің жетекші брендтері – «Velkopovický Kozel» және «Amsterdam Navigator», нарық үлесі тиісінше 18,6% және 13,3%. EFES KAZAKHSTAN орта баға сегментінде 59,8-ға ие, сегменттің көшбасшылары - «Белый Медведь» және «Кружка свежего» брендтері, әр брендтің нарықтағы үлесі 20%. Супер премиум сегментінде "Miller" бренді бірінші орынды сөзсіз сақтап келеді, бұл нарықтағы үлесі 45%-ға тең №1 марка.

EFES KAZAKHSTAN нарықтағы үлесі 58%-ға тең бөтелкедегі сыра сегментінде көшбасшы болып қала береді. Банкіге құйылған сегменттегі компания нарығының үлесі – 48%. Нарықтың банкіге құйылған сегментінің көшбасшысы – сегменттегі 17% үлесі және өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,2% қарқыны бар «Белый Медведь» маркасы болып отыр. Бұл марка нарық үлесі 15,6%-ға тең ашық сыра сегментінде де көшбасшылық орнын сақтап келеді. Ақшыл сыра сегментінде компания нарық үлесінің 52,7%-ын иеленіп, көшті бастау тізгінін ұстап отыр. 

Күшті сыра сегментіндегі бірінші нөмірлі бренд – «Карагандинское», оның сегменттегі нарық үлесі 24,7%

Сондай-ақ компания жеңіл сыра сегментінде 78%-ға және сүзілмеген сыра сегментінде 88,8%-ға ие.

Өткен кезеңде EFES KAZAKHSTAN компаниясы әлемдегі ірі сыра өндірушісімен, халықаралық AB InBev. сыра қайнату корпорациясымен импорт шартын жасасты. Қазақстанға алғашқы импорттық жеткізілімдер әкелінді. 

Компания әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік, тұрақты даму және адам ресурстарын дамыту шеңберінде бірқатар бастамалар жүргізуде, бұл сыра нарығында көшбасшылық ұстанымды сақтауға және арттыруға көмектеседі. Волонтерлік және көшбасшылық бағдарламалар, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыру бағдарламалары жүйелі түрде жұмыс істейді.