Created with Sketch.
Зауытқа экскурсия жасау
8 800 080 33 37шұғыл мәселелер бойынша шұғыл байланыс желісі
8 800 080 33 37 — шұғыл байланыс желісі, тәулік бойы
Зауытқа экскурсия жасау

"Efes Kazakhstan" карантин кезінде қазақстандықтарды қолдау жөніндегі әлеуметтік жобаның екінші кезеңін іске қосты

Қазақстанның сыра саласының жетекші ойыншысы «Efes Kazakhstan»  компаниясының басшылығы корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сүйене отырып, қоғамдық тамақтандыру саласындағы қазақстандық кәсіпорындарды қолдау және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын республика тұрғындарына көмек көрсету жөніндегі жобаның екінші кезеңінің іске қосылғаны туралы хабарлайды, енді бағдарлама Шымкент және Қарағанды қалаларында жүзеге асырылады.

Белгілі болғандай, «Magnum cash & carry» ЖШС, «Рамстор Казахстан» ЖШС, «The Froot Company» және «Я Алматинец» ҚБ-мен бірлесе отырып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы облысында мұқтаж отбасыларға және қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлеріне 1 860 азық-түлік себеті жеткізілді; ХоРеКа арнасынан «Эфес Қазақстан» компаниясының серіктестеріне азық-түлік сатып алуға 1 045 Ваучер таратылды.

Сонымен қатар, «Пинта» мейрамханалар желісімен бірлесіп, жоба аясында эпидемия кезінде аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы бар ынта-жігерімен қызмет атқаратын Алматы қаласының И.С.Жәкенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлері күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік жобаның екінші кезеңі аясында "Magnum cash & carry" ЖШС-мен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен серіктестікте Шымкент және Қарағанды қалаларында қолдау көрсетілетін болады. ХоРеКа арнасынан «Эфес Қазақстан» серіктестері азық-түлік сертификаттарымен қамтамасыз етіледі, халықтың осал топтарының отбасыларына қайырымдылық қорларымен ынтымақтастық арқылы қаржылай көмек көрсетіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, компанияның бастамасы бойынша аталған қолдауға 45 млн. теңге көлемінде жалпы сома бөлінген.

Біз осы қиын жағдайда бір-бірімізді қолдап, эпидемияны жеңеміз деген нық сенімдеміз.

"Efes Kazakhstan" компаниясының атынан қазақстандықтарға айтарымыз, өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар, сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар және санитарлық-эпидемиологиялық органдардың ұсыныстарын ескеріңіздер.