Created with Sketch.
Зауытқа экскурсия жасау
8 800 080 33 37шұғыл мәселелер бойынша шұғыл байланыс желісі
8 800 080 33 37 — шұғыл байланыс желісі, тәулік бойы
Зауытқа экскурсия жасау

Компания тарихы

Efes Kazakhstan Қазақстанның сыра нарығында озық орынға ие. Компания Түркия, Батыс Еуропа және ТМД елдерінде сыра және алкогольсіз сусындарды өндіруге және сатуға, сондай-ақ уыт пен құлмақ өндіруге маманданған 34 компаниядан тұратын мультиұлтты EfesBeerGroup тобының құрамына енеді. 

EfesBeerGroup Түркияның сыра нарығында көш бастап келеді, сондай-ақ Батыс Еуропа мен ТМД елдерінде өзінің сыра қайнату зауыттары бар.  

1997 жыл

EfesBeerGroup Қазақстандағы алғашқы инвесторлардың бірі болып табылады. 1997 жылы EfesBeerGroup жекешелендірілді де, Қарағандының «Колос» сыра қайнату зауыты толықтай қайта жөндеуден өткізілді, соның негізінде EfesKazakhstan компаниясы құрылды.

2002 жыл

Қарағанды зауытын көп кезеңді қайта құру процесі барысында ескірген жабдықтар заманауи жабдықтарға ауыстырылды. Салынған инвестицияның нәтижесінде Қарағанды зауыты 2002 ж. өнімнің ең үлкен көлемін — 44 млн. литр шығарды.

2001 - 2003 жылдар

Кәсіпорын өніміне деген жоғары сұраныс және оңтүстік өңір нарығының тартымдылығы, сондай-ақ экспорттық жоспарлар – компанияның екінші өндіріс орнын ашу туралы шешім қабылдауына ықпал етті. Өндірістік қабілетін арттыру мақсатында 2001 жылы Алматы облысында жаңа сыра қайнату зауытының құрылысы басталды.

Жаңа филиал – EfesKazakhstan компаниясының Алматы зауыты Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 2003 жылдың 26 тамызында ресми түрде ашылды. 

Қазіргі таңда

Қазіргі сәтте компанияға 3 сыра қайнату зауыты тиесілі, оның екеуі Алматы облысында және біреуі Қарағанды қаласында. Кәсіпорын 900 аса жұмыс орнымен қамтып отыр.

Компания Қазақстанның сыра нарығына нарықтың әртүрлі сегменттеріне сәйкес келетін бірқатар сыра маркаларын ұсынады, олар: EfesPilsener, «Карагандинское», «Кружка Свежего», «Белый Медведь», «Любительское», «Жигулевское», Bavaria, AmsterdamNavigator, Grolsch, MillerGenuineDraft, PeroniNastroAzzurro, VelkopopovickýKozel, PilsnerUrquell.

EfesKazakhstan дамуына ықпал еткен негізгі факторлар – өндіріске салынған инвестициялар, сыра қайнатуға енгізілген заманауи технологиялар, брендтер қоржынын сауатты басқару, сондай-ақ озық дистрибьюция жүйесі.

 

Миссия және Құндылықтар