«Қарағанды» бренді – үздік азық-түлік тауары
15 шілдеде Қарағандыда «Қазақстанның үздік тауары – 2022» байқауының аймақтық кезеңінің финалы өтті. Биыл 70-тен астам компания қатысушы болды. Жеңімпаздар «Үздік өндірістік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» атты үш номинация бойынша анықталды.
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында «Қарағанды» бренді жеңіске жетті. Әрине, бұл EFES Kazakhstan үшін маңызды жетістік. Біз «Қарағанды» брендінің тұтынушылардан ғана емес, сонымен қатар «Қазақстанның үздік тауары – 2022» байқауының кәсіби қазылар алқасынан да лайықты бағасын алғанын ерекше мақтан тұтамыз.
«Қарағанды» брендінің тарихы 1958 жылдан бастау алып, бүгінгі күнге дейін жаңа табыстарымен таң қалдыруда. «Қарағанды» сырасының құлмақ дәмі Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі тұтынушылардың барлығының көңілінен шығып, қаланың символына айналды.
«Қарағанды» брендінің жетістігін бақылай отырып, EFES Kazakhstan қызметкерлері жаңа жеңістерге ұмтылып, тұтынушылардың көбірек бейілділігі мен ықыласына ие болуда деп сеніммен айта аламыз. Біздің миссиямыз – өз өнімдерімізді әуестікпен және жауапкершілікпен шығару арқылы адамдарға қуаныш сыйлау деп бекер айтпаймыз.