Created with Sketch.
Зауытқа экскурсия жасау
8 800 080 33 37шұғыл мәселелер бойынша шұғыл байланыс желісі
8 800 080 33 37 — шұғыл байланыс желісі, тәулік бойы
Зауытқа экскурсия жасау

Сыра дайындау — бұл күрделі технологиялық процесс. Жоғары сапалы сары түсті сусынды өндіру үшін заманауи  технологиялар мен қымбат жабдықтар пайдаланылады, бірақ бұларға қарамастан сыраны жасауға қажет төрт ингредиент: уыт, құлмақ, су және ашытқы болып қала бермек.

Сыра қайнататын арпаның өсінді дәндерін  уыт деп атайды. Бұл ингредиент көмірсумен, ферменттермен, минералды тұздармен және дәрумендермен байытылған, уыт сыраға сәнді түс, жұпар хош иіс және қанық дәм береді.   

Екінші маңызды ингредиент — бұл су. Судың сапасы, оның ионды құрамы сыраның сапа деңгейіне барынша әсер етеді.  

Құлмақ — сыра қайнату өндірісінің дәстүрлі әрі едәуір қымбат шикізаті. Ол сыраға ерекше қышқыл дәм және хош иіс береді, сыра ашытқысынан кейбір ақуыздарды алып тастауға әсер етеді, антисептик ретінде қолданылады және сыраның көбіктенуін арттырады. Құлмақтың негізгі екі түрі болады: ащы және хош иісті.

Ашытқы сұйылтылып, арнайы ашытқы цехында сақталады. Ашытқы тұқымдарының әртүрлілігі болашақ сыраның сипатын анықтайды, әрбір сыра қайнататын зауыт өзінің таза тұқымын пайдаланады.  

Сыраны өндіру технологиясы бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен уыт қажетті өңдеуден өткізіледі: ол арнайы тазарту құрылғылары арқылы өткізіледі, содан кейін ұнтақталып, үгітіледі.

Уытты ұнтақтау

Тартылған ұнның тиімді құрамы сығындының барынша ықтимал шығуын және сыра ашытқысының айтарлықтай жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді, өйткені дәннің қауызы жақсы сүзгілейтін материал болып табылады. Уыт ылғал күйінде ұнтақталады, бұл барынша тиімді нәтижені қамтамасыз етеді.  

Уытты ұнтақтау

Уытты ұнтақтау

Сыра ашытқысын алу / Араластыру

Келесі кезеңде тартылған уыт ұны сумен араластырылады. Бұл процесс араластыру, ал алынған ерітінді — сүзінді деп аталады. Арнайы сүзінді күбіде уыттың компоненттері ыдырап, ерітінді экстрактивті заттар түзіледі. Әрі қарай сүзінді қыздырылады да, белгіленген температурада ұсталады. Сүзгілеу процесінде сүзінді екі бөлікке бөлінеді: сыра қайнатудың келесі процесіне өтпейтін  бытыра — ерімейтін заттар және сыра ашытқысы – сүзіндінің сұйық бөлігі.

Сыра ашытқысын алу

Қайнату цехы

Қайнату цехында сыра өндірісінің негізгі процесі – сыра ашытқысын қайнату іске асырылады. Қайнату процесінде сыра ашытқысына бірнеше рет құлмақ деген ингредиент қосылады. Сыра қайнатудың алғашқы кезеңінде қосылған құлмақ сыраға ауыз қуыратын ерекше қышқылдық береді, ал соңында қосылған құлмақ хош иіс пен жеңіл дәм береді. Құлмақ қосылғаннан кейін сыра ашытқысы жүзгіннен босап, ақшылдану процесінен өтеді, содан кейін ашытуды бастауға қажет температураға дейін салқындатылады.  

EfesKazakhstan технологтары басқару пульті арқылы процесті үздіксіз бақылап отырады.

Ферменттеу бөлімі

Салқындатылған сыра ашытқысы ашыту танкісіне ауыстырып құйылады. Ферменттеу цехында ауыстырып құю кезінде сыра ашытқысына арнайы сыра ашытқысы қосылады. Осы кезде сыра ашытқысының құрамындағы қанттың бәрі ашып, алкоголь мен көмір қышқылын түзеді. Процестің соңына таман нәрлі заттардың азаюына қарай сыра ашытқысындағы ашытқы белсенділігінен айырылып, ЦКТ (цилиндрлі-конусты танкілер) түбіне шөгеді, содан кейін алынып тасталады. Ашыту кезеңінен өткізілген сыра «жаңа құйылған сыра» деп аталады, ол соңына дейін ашыту және жетілдіру деген келесі кезеңге жіберіледі. 

Ашыту бөлімі

Сүзгілеу бөлімі

Соңына дейін ашыған және салқындатылған сыра сүзгілеу цехында жіберіледі де, ақшылдану процесінен өткізіледі. Сыраның лайлануын тудыратын бөлшектер құрылысы жағынан күрделі және көлемі жағынан әртүрлі, оларды алып тастаудың ең жақсы тәсілі – керемет абсорбциялайтын қасиеті бар кизельгура деп аталатын қосымша материалды пайдалана отырып сүзгілеу болып саналады.  

Сүзгілеу цехы

Құю

Сусын мөлдір болған соң оны пастерлеуге және құюға жібереміз. Құюға арналған ыдыс мұқият зарарсыздандырылады және арнайы берілгілердің көмегімен тексеріледі. Содан кейін құя желісінде дайын сусын бөтелкелерге, банкілерге немесе кегтерге құйылады, тығындалып, заттаңбалар желімделеді. Ыдысқа құйылған сыра қаптаушы конвейерге келеді де, мультипактар немесе паллеталар жасалады, содан кейін олар Қазақстанның әр қаласына мұқият жеткізіледі.  

Бөтелкелерге құю цехы

Зертхана

Қолданыстағы МемСТ-да дайын сыраға қойылатын 7 параметр бар. Алайда «Эфес Қазақстан» сыраның сапасын 35 көрсеткіштен тұратын EfesQualityControl ішкі жүйесі арқылы да бағалайды.

«Эфес Қазақстан» зертханасында кіріс материалы, сондай-ақ дайын өнім физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге қатаң тексеріледі, сондай-ақ сыра өндірісінің әр кезеңі мұқият тексеріледі.  

Технологтар мен биологтар компанияда өндірілетін сыраның сапасына үздіксіз бақылау жүргізеді.

Зауытқа экскурсия жасау