Created with Sketch.
Зауытқа экскурсия жасау
8 800 080 33 37шұғыл мәселелер бойынша шұғыл байланыс желісі
8 800 080 33 37 — шұғыл байланыс желісі, тәулік бойы
Зауытқа экскурсия жасау

Экономикаға үлес қосу

«Эфес Қазақстан» - халық тұтынатын тауарлар секторындағы ірі инвесторлардың бірі.   Қазақстанда жұмыс істеген уақыт кезеңіндегі (1998-2017) Еfes Beer Group компаниясының жалпы инвестиция көлемі  278 миллионнан астам АҚШ долларын құрады. Біздің Қарағанды қаласы мен Алматы облысы Береке кентінде 2 сыра қайнату зауытымыз бар, жылына 245 миллион литр сыра өндіреміз, бұл 2 зауытта жалпы 1000-ға жуық адам жұмыс істейді. Қазақстанның нақты секторының ірі инвесторларының бірі ретінде «Эфес Қазақстан» 2014 жылдан бастап ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Zakon.kz сайтында жарияланған арнайы зерттеу нәтижелері бойынша «Эфес Қазақстан» ШК АҚ бүкіл алкоголь саласындағы ең ірі салық төлеуші екен. Соңғы жылдары, жыл сайын салық және басқа да төлемдер бойынша бюджетке шамамен 13 миллиард теңге төледік, соңғы 4 жылда бұл сома 53 миллиард теңгеден асыпты. 2015 жылы «Эфес Қазақстан» ШК АҚ Алматы филиалы «үздік салық төлеуші» науқанының нәтижесі бойынша салық аударымдарының жоғары қарқынын қамтамасыз ететін, салықтар мен алымдарды уақытында төлейтін, салық төлеушінің барлық міндеттерін адал орындайтын кәсіпорын ретінде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен марапат алды.