Created with Sketch.
Зауытқа экскурсия жасау
8 800 080 33 37шұғыл мәселелер бойынша шұғыл байланыс желісі
8 800 080 33 37 — шұғыл байланыс желісі, тәулік бойы
Зауытқа экскурсия жасау

Экологиялық жобалар 

«Эфес Қазақстан» экологиялық бағыттағы іс-шараларға белсенді түрде демеушілік көрсетіп келеді. 

2015 жылы екінші рет өңдеу үшін шыны қалдықтарын жинау, тасымалдау және тапсыру бойынша «Экоэфес» жобасын бастадық. Бұл жоба Астана қ әкімдігімен және  PosadiDerevo.kz республикалық қоғамдық бірлестігімен бірігіп іске асырылды. Жоба аясында Астана қаласының тұрғын үй кешендеріне қалдықтарды жеке жинауға арналған 54 эксперименттік контейнер орнатылды. Қалдықтарды жинау және шығару арнайы техникамен жүзеге асырылды. Жобаның маңызды бөлігі ТД бейнеролик жариялау, подъезд, аялдама кешендері және қоғамдық көліктерге насихаттау материалдарын жариялау арқылы астана қонақтары мен тұрғындарының арасында ақпараттық-түсіндіру науқандарын жүргізу болды, бұл қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттырды. Жобаны іске асыру нәтижесінде қаладағы экологиялық жағдай жақсарды, қоршаған ортаны қатты тұрмыстық қоқыспен ластау деңгейі төмендеді. 37 тонна сынған әйнек жиналды, астаналықтар қоқысты бөлек жинау идеяларын бар ынталарымен қабылдап, «экологиялық санасының» жоғары екенін көрсетті. Жоба мақсаттарының бірі – 2017 жылғы Астанадағы «Болашақ энергиясы» халықаралық арнайы көрмесі қарсаңында Қазақстан астанасына жоғары әлемдік экологиялық стандарттарды енгізу болды. 

2016 жылы бұл жоба Қарағанды қаласында жалғасын тапты, бұл жоба аясында қаланың кейбір аудандарында қалдықтарды бөлек жинау мүмкін болды, бұл жерлерге арнайы контейнерлер орнатылып, қоқысты іріктеу зауытына апару ұйымдастырылды және тұрғындардың арасында насихаттау жұмыстары жүргізілді. 

2017 жылы «ЭкоЭфес» бағдарламасы өсімдік тектес биотикалық ыдырайтын шикізат негізді биоыдырайтын қалташаларды жергілікті өндірушілерге жасалған қолдау түрінде жалғасты. ЭКСПО-2017 әкімшілігінен 100 мың қалташа тапсырысқа қабылданып, өндірілді, бұл кәдесый өнімдерін сатып алған кезде қонақтарға тарату үшін берілді. 

Сондай-ақ ЭКСПО-2017 аясында «болашақ энергиясы» тақырыбында жастарға арналған, бейкәсіби киноның кинофестиваліне демеушілік жасалды. 

«Сұңқар» жыртқыш құстар тәлімбағымен және Зоология институтымен бірге Қызыл кітапқа енгізілген Қазақстандағы бүркіттердің популяциясын сақтау бойынша «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» жобасын іске асырдық. Экологтардың бағасы бойынша, 2013 жылы, біз жобаны бастаған жылы Үлкен және Шағын Богуттар ауданындағы (Алматы облысы) құстардың жалпы саны небәрі шамамен алты-жеті жұп болатын. Жобаны іске асыруға жұмсалған 9 миллион теңгеден аса қаражат  2012-2013 жж. бойы арнайы қаптамадағы «Карагандинское» сырасын сатудан түсті. Бұл жобаға корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында 2014 жылдан бастап қолдау көрсетіп келеміз. Бағдарлама аясында 22 жас бүркіт өсіріліп, жабайы табиғатқа жіберілді. Бұл жобаның отаншылдық маңызы да бар, өйткені бүркіт тәуелсіз Қазақстан символдарының бірі және мемлекеттік туымызда бейнеленген. 

2013 жылдан бастап «Алматыдағы тазалық» бағдарламасы аясында біз Алматы қ. ең үздік аула сыпырушысы байқауын өткізуге демеушілік көрсетіп келеміз, бұл қала тұрғындарының өз ауданындағы аула сыпырушыларына ашық интернет-дауыс беруі арқылы өткізіледі. Жоба басқарушы және қызмет көрсетуші тұрғын үй ұйымдарының қызметін іске қосуға, сондай-ақ тұрғындарды абаттандыру жұмыстарына қатыстыруға, халықтың қоршаған ортаға ұқыпты қарауына және тұрғындардың мәдениетін арттыруға бағытталған. «Алматының ең үздік аула сыпырушысы» байқауының жалпы жүлде қоры 650 000 теңгені құрады: бірінші орынға – 200 000 теңге, екінші орынға – 150 000 теңге, үшінші орынды үш аула сыпырушысы 100 000 теңгеден бөліп алады. Жеңімпаздарды марапаттау және құттықтау салтанаты Қала күні және Отбасы күнін мерекелеген кезде салтанатты түрде табысталады. 

Алматы тұрғындарының арасында жобаға қолдау көрсетушілер саны күн санап өсуде. 2013 жылы 8000 дауыс берілсе, 2017 жылы шамамен 33 мыңға жеткен, ал тұрғындардың дауыс беруге арналған сайтқа кіру саны 50-ден 605 мың адамға дейін көбейген. 

2017 жылы жоба «Устойчивый бизнес» журналының бастамасымен ТМД елдері арасында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) саласындағы BestinCSR үздік тәжірибелер байқауының екі дипломымен марапатталды: 2016 жылғы нәтижелер бойынша жоба «Қазақстандағы ең үздік кейс» номинациясында 1-ші орынға, «Қоршаған орта, табиғатты қорғау қызметі және ресурсты сақтау» номинациясында 3-ші орынға ие болды. Сондай-ақ 2017 және 2018 жылдары байқау Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығының (ҚЕБҚ) экология саласындағы ең үздік корпоративтік әлеуметтік жобасы болып танылды.  

Сондай-ақ «Эфес Қазақстан» Алматы тұрғындарына «Медеу» саябағындағы және Тұңғыш Президент саябағына қарама-қарсы Науаи көш. бойындағы саябақтағы демалуға және спортпен шұғылдануға арналған жабдықталған алаңды сыйға тартты. Алаңдарға күркелер, орындықтар, гимнастикалық және балалар кешендері, әткеншектер, сондай-ақ қоқысқа арналған шелектер орнатылды. Бұл жобаның мақсаты – тұрғындардың демалуына жайлы жағдай жасау, белсенді өмір салтын танымал ету және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру болып табылады.