Created with Sketch.
Зауытқа экскурсия жасау
8 800 080 33 37шұғыл мәселелер бойынша шұғыл байланыс желісі
8 800 080 33 37 — шұғыл байланыс желісі, тәулік бойы
Зауытқа экскурсия жасау

Қызметкерлерді дамыту

2015 жылы  Эфес Қазақстан HeadHunter компаниясы ұйымдастырған Қазақстан және шетелде іске асырылған жобалар бойынша «Мир» номинациясында «HR-бренд Қазақстан сыйлықтарының» күміс жүлдегері атанды. Біздің компаниямыз «Эфестің сапалы саптыаяғы (EQC)» жобасын ұсынып, байқауға алғаш рет қатысты, сөйтіп, екінші деңгейлі марапатты еншіледі, бірінші орын AES Corporation компаниясына (Fortune 200 тізіміне енген жаһандық энергетикалық компаниялардың бірі болып табылады) бұйырды. Осылайша біз General Electrics және P&G сияқты қатысушыларды басып оздық, біз Эфес Қазақстан компаниясының жұмыс беруші брендін қалыптастыруды әрі қарай жетілдіріп жатырмыз.   

Бұл нәтиже Эфес Қазақстанның ең жақсы жұмыс орны екенін және оны ең жақсы адамдардың жасап жатқанын тағы бір рет айғақтап тұр.

Компанияда жоғары басшылықтан бастап сату және техниктер бөлімінің мамандарына дейінгі барлық санаттағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және жетілдіру бағдарламалары іске қосылған. Сондай-ақ қызметкерлерге интернет арқылы қашықтан оқу мүмкіндігі де беріледі. 2018 жылы қызметкерлердің арасында салауатты өмір салтын қолдау бағдарламасы іске қосылды. Компанияда 5-10-15 және одан да көп жыл жұмыс істеген жандардың мерейтойы тұрақты түрде тойланады, құрметті демалысқа шыққан қызметкерлер салтанатты түрде шығарылып салынады. Біз кәсіпорында әр қызметкеріміз  «Эфес – деген біз» деп айта алатындай «отбасындағыдай ахуалды» қалыптастыруға тырысамыз.