Created with Sketch.
Зауытқа экскурсия жасау
8 800 080 33 37шұғыл мәселелер бойынша шұғыл байланыс желісі
8 800 080 33 37 — шұғыл байланыс желісі, тәулік бойы
Зауытқа экскурсия жасау

Қарағанды қ. мен Алматы облысындағы әлеуметтік жобалар 

2013 және 2014 жылдары «Эфес Қазақстан» Қарағанды қ.  Қазыбек би ауданы әкімдігімен бірлесіп, қала тарихында алғаш рет «Ең үздік жабдықталған бизнес нысаны» атты қалалық байқау өткізді. Бұл байқаудың мақсаты – қаланы кешенді түрде жабдықтауға көмектесу, кәсіпкерлердің өз нысандары мен аумақтарын жабдықтауына қаражат салуға итермелеу, қаланың сыртқы қалпына қоғамның назарын аударту, сондай-ақ шағын және орта бизнеске қолдау көрсету болды. Байқау нысандары қатаң параметрлер бойынша бағаланды: сыртқы қасбет, сәулет шешімдері, санитарлық жағдай, сәулет жарығы, жарнама, жасыл көшеттердің, қатты жабындының болуы, гүлзарлардың безендірілуі және т.б. 2013 жылы қаланың 16 кәсіпкері байқау комиссиясына қатысуға өтінім берді, олар сұлулық салондары, кафе, студиялар және т.б. нысандарын ұсынды. Өткізілген байқау аясында аумақтың шамамен 2000 шаршы метрі жабдықталды, оның ішінде 900 м2 қырлы кеспе төселді, 600 м2 газон және гүлзары, 49 ағаш отырғызылды, 37 шағын сәулет пішіні орнатылды. 2015 жылы Әкімдіктің ұсынымы бойынша бұл жоба аяқталды. 

2013 жылы біз Қарағанды қ. Қазыбек би ауданы әкімдігімен бірлесіп, көшпелі сауда орындарын абаттандыру (қаланың орталық бөлігінде орналасқан 3 жабайы базар) бойынша жобаны жүзеге асырдық, бұл жерде көбіне қарт адамдар өздерінің ауласындағы өнімдерін сатады. Бұрын олар қораптар мен жәшіктерден жасалған сөрелерді ойдан құрастырып жасап алатын, көшеге жақын шаң-тозаң жерлерде отыратын. Қазір 87 сауда орнына арналған 29 сөре жасалды, оның қалқасы мен орындықтары бар. Сондай-ақ абаттандыруға қырлы кеспе төсеу, сәнді қоршау, қоқыс шелегін орнату және т.б. кірді. Жобаның мақсаты – Қарағанды қаласының сыртқы бейнесін жақсарту, жабайы сауданы реттеу және сауда мәдениетін арттыру, сондай-ақ нақты ақша табу мүмкіндігін беру жолымен халықтың қорғалмаған тобына қолдау көрсету болып табылады. «Казахстанская Правда» газетіндегі «Саудаға арналған ыңғайлы алаңдар» (2013 ж. 22 маусымдағы) деген мақалада бұл жоба «әлеуметтік жауапкершілік үлгісі» деп аталды. 

Сондай-ақ 2013 жылы жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету мақсатында біз Қазақстанның «Атамекен» ұлттық экономика палатасымен бірігіп, Қарағанды қ. «AtamekenStar-up» бизнес-идеялар байқауын өткізуге қолдау көрсеттік. 3 бірінші орынды еншілеген командалар қомақты ақша қаражатын алып, өздерінің бизнес-жобаларын дамытуға жұмсады. 

2015 жылы Алматы облысы Қарасай ауданында аялдама кешендерін орнату жобасын қолға алдық. Боралдай – Шамалған ст. тасжолының бойына және Береке кентінің орталық алаңына 4 заманауи автобус аялдамасы орнатылды.      

2016 жылы Қарағанды қ. орталығындағы қалалық гүл бағын абаттандыруға демеуші болдық, бұл алақол құрылысшының себебінен бірнеше жыл бойы иесіз жатқан, тұрғындар сол қалпына наразы болған жер болатын. Енді қала тұрғындары бос уақыттарын гүл бағына келіп, отырғызылған ағаштардың көлеңкесінде, балаларға арналған ойын алаңдарында өткізе алады.      

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жобалары үшін «Эфес Қазақстан» компаниясы 2013 жылы «Алтын Жүрек» қайырымдылық саласында Жыл сайынғы ұлттық қоғамдық сыйлықты иеленді, бұл компанияның КӘЖ саласындағы беделі мен еңбегін мойындаудың тағы бір айғағы болды.