Created with Sketch.
Зауытқа экскурсия жасау
8 800 080 33 37шұғыл мәселелер бойынша шұғыл байланыс желісі
8 800 080 33 37 — шұғыл байланыс желісі, тәулік бойы
Зауытқа экскурсия жасау

Демеушілік

Әлеуметтік жауапкершілігі бар компания ретінде «Эфес Қазақстан» балалар үйі, мүгедектер қоғамы, аз қамтылған отбасындағы балалар, ардагерлер мен зейнеткерлер сияқты әлеуметтік қорғалмаған халықтар тобына тұрақты түрде қаржылай көмек көрсетеді. Сонымен қатар компаниямыз мұқтаж жандарға жәрдемдесетін   ресми қоғамдық ұйымдар мен қайырымдылық қорларына белсенді түрде қаржылай көмектеседі. Мысалы, Алматы облысында ТЖД Ардагерлер кеңесіне, Қазақ зағиптар қоғамына (Қаскелең қ.), Елтай округінің ҰОС ардагерлері кеңесіне, Іле ауданы №20 орта мектепке (Рахат к.), Алматы қ. №1 балалар үйіне, Қарасай ауданының аз қамтылған отбасылары мен қарт тұрғындарына көмектесеміз. Қарағанды облысында: Шахтинск қ. Новодолинка кентіндегі жетімдер үйі, №93 гимназия ММ, Қарағанды облысының Білім беру басқармасы арқылы жетімдер мен мүгедек балалар, «Психикалық дамуы кешіктірілген балаларға арналған мектеп интернаты» ММ, Қарағанды қ. «Ботакөз» балалар үйі» ММ, «Қамқор» және «Үміт» мүгедектер қоғамы, «Шапағат» әлеуметтік бастамалар қоры», Қарағанды қ. аула футболы қауымдастығы және т.б.   

2013 ж. маусым айында «Эфес Қазақстан» компаниясының демеушілік көмегінің арқасында Алматы қ. Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы (МБАҚ) оңалту орталығының аумағында «Акватория» аквакешені ашылды, онда бассейн, сауна, душ, жабық павильондар, жабдықталған жағажай аумағы және демалуға арналған орын бар. БЦП (ДЦП) шалдыққан балалардың дене қимылын оңалтуда емдік жүзумен шұғылдану үлкен рөл атқарады. Бұл жоба балалардың денсаулығы мен олардың психологиялық жағдайын айтарлықтай жақсартуға көмектеседі. 2016 жылы МБАҚ студиясы түсірген, мүгедек балалар қатысқан «Мүмкін бе, әлде мүмкін емес пе» әлеуметтік фильмін кинотеатрларда көрсету үшін тифлотүсініктемелер дайындауға демеуші болдық. Осының арқасында фильмді нашар көретін адамдардың көруіне мүмкіндік жасалды. 

2014 жылдан бастап біз «Ерікті қайырымдылық қоғамы» ҚҚ-ның «Аутизмді жеңеміз»   атты жобасын қолдап келеміз, Қызылорда  (2014 жыл) және Қарағанды (2015 жылдан бастап қазірге дейін) қалаларындағы аутизмге шалдыққан балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеу орталықтарының жұмысына қаржылай көмек көрсетіп келеміз, ол: сабақ өткізуге арналған үйді жалға алу, Мәскеу мамандарының қызметтеріне ақы төлеу, осы мамандардың басшылығымен ата-аналар балалармен айналысады, дәрігер, студент және педагогтарға арнап спорттық және үйрететін инклюзивті бағдарламалар өткізу. Сонымен қатар жоба аясында жергілікті тьютор аналарды оқыту ұйымдастырылады, олар осындай дертке тап болған отбасыларына көмек көрсете алады. Қарағанды қ. бас серіктес Аутист балалардың ата-аналары қауымдастығы (АБАҚ Қарағанды) болып табылады. 

2016 жылы Алматы қ. Ат спортының қауымдастығымен бірігіп, «ипотерапия», «спешиал олимпикс» бағдарламалары бойынша №2 арнайы (түзету) мектеп-интернаты базасында тұрақты сабақтар ұйымдастырдық, аттарды интернат аумағына орналастырдық. Қатысқан балалар саны 375 болды. Атқа мініп шұғылдану балалардың дене бітімі, психологиясы мен эмоционалды жағдайына оң әсер ететіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Бірақ ең бастысы, атқа міну науқас баланың күнделікті өмірінде қозғалмайтын бұлшықеттердің жұмыс істеуіне көмектеседі екен.   

Біз тұрақты түрде мәдени-көпшілік мерекелік іс-шаралар мен концерттерді өткізуге демеушілік қолдау көрсетеміз, сондай-ақ спорттық командаларға қолдау көрсетеміз. 2004-2011 жылдар аралығында Қарағанды қаласында біздің компаниямыз "Звери", "Би-2", "Мумий Тролль", "А-Студио" және т.б. атақты поп және рок-жұлдыздардың қатысуымен "Музыкар" атты музыкалық фестивальдар топтамасын ұйымдастырды. Фестивальдерді өткізуге жұмсалған жалпы шығын  365 млн. теңге болды. Әр жылдары Қазақстанның Ат спорты федерациясына, Қарағанды қ. тэквондо командасына, Алматы облысы Қарасай ауданының спортшы-күресші ардагерлер командасына, Қарағанды қ. аула футболы лигасын өткізуге жәрдемдестік. Біздің демеушілік көмегіміздің арқасында Елтай ауылындағы спорт мектебінің оқушылары көптеген сайыстарда жүлделі орындарға ие болды. Біз Еуропа Лигасының біліктілігінен өткен алғашқы Қазақстан командасы «Шахтер» (Қарағанды) футбол  клубының серіктесі атандық, сондай-ақ оның 55 жылдық мерейтойын тойлауға қаржылай қолдау көрсеттік.   

2016 жылдан бастап «Эфес Қазақстан» SocReklama.kz сайтының негізгі демеушісі болып табылады, бұл ең үздік әлем және Қазақстан әлеуметтік жарнамасының үлгілері жиналған коммерциялық емес жоба. Сайт қоғамның аса маңызды мәселелерін көрсетуге арналған жарнаманың коммерциялық емес түрін жасайтын кәсіпқойлар мен әуесқойлардың ең қызықты және креативтік идеяларын көрсететін Қазақстандағы бірден-бір ресурс болып табылады.