Created with Sketch.
Зауытқа экскурсия жасау
8 800 080 33 37шұғыл мәселелер бойынша шұғыл байланыс желісі
8 800 080 33 37 — шұғыл байланыс желісі, тәулік бойы
Зауытқа экскурсия жасау

Тұрақты даму саясаты

Тұрақты даму саясатының аясында компания технологиялық процестердің экологиялылығын, энергия көздерін пайдалану тиімділігін арттыру, өнімнің ерекше сапасын сақтау және халықаралық стандарттарға сәйкес еңбекті қорғау мақсатында оларды жетілдіріп келеді. 

Өнімдеріміздің бәрі халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес сертификатталған. Компанияның сапаны бақылау бөлімі заманауи зертханалық жабдықпен қамтамасыз етілгендіктен, Еуропа стандарттарына және EMU MEBAC (Еуропа сыра қайнату конвенциясы) сәйкес сыраны өндірудің барлық кезеңінде оған талдау жүргізе аламыз. 

Компания алғаш рет 2011 жылы ИСО 22000:2005 ХС Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздік менеджменті жүйесі бойынша сертификатталған. Кейінірек, 2012 жылы Денсаулықты сақтау менеджменті және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі (OHSAS 18001:2007)  бойынша және 2013 жылы Энергия менеджменті жүйесі (ИСО 50001:2011 ХС) бойынша сертификатталған.  

2014 жылдан бастап  Эфес зауыттарында «Эфесті мұқият басқару» жүйесі іске қосылды. Осы жүйе аясында Мұқият техникалық қызмет көрсету бағдарламасы әзірленіп, белсенді түрде енгізілді, бұл бағдарламада еңбек жағдайын және қауіпсіздік техникасын жақсартуға бағытталған көптеген Lean құрал-саймандарын пайдалану көзделген.  

Солардың бірі 5S болып табылады, бұл – зауыттардың өндірістік бөлімшелерінде кеңінен пайдаланылатын жұмыс орнын ұйымдастыру. Сонымен қатар сыра құю, сыра өндіру, техникалық қолдау көрсету және энергиямен жабдықтау қызметтерінің жұмысшыларына арналған Мұқият техникалық қызмет көрсету бойынша оқу бағдарламалары өткізіледі.  

2016 жылы Шоғырландырылған менеджмент жүйесі саласында жаңа Саясат қабылданды, бұл саясатта төменде көрсетілген мақсаттарға сәйкес бұрын енгізілген үш жүйе аясындағы «Эфес Қазақстан» ШК АҚ-тың жалпы ниеті мен қызмет бағыттары байқалады, олар: өндірілетін өнімнің қауіпсіздігін басқарудың үдерістік және жүйелі тәсілдерін жақсарту, соның нәтижесінде оның сапасын тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалар қоятын талаптарға сәйкестендіру; өндірістік қауіп-қатерлерді және зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлердің денсаулығына тигізетін жағымсыз әсерін төмендету, соның нәтижесінде қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау; энергияны үнемдеу бойынша мақсат, міндет, бағдарламаларды орындау есебінен энергия тиімділігінің көрсеткіштерін (энергияны тұтыну, энергияның жұмсалуы, энергияның тиімділігі, энергияны пайдалану) тұрақты әрі кешенді түрде жақсарту.     

2007 жылдан 2017 жылға дейін 10 жыл ішінде суды пайдалану 2,5 есеге азайған, яғни бір литр сыраға жұмсалатын су мөлшері 8,5 литрден 3,4 литрге азайған, ал электр энергиясын тұтыну 1,6 есеге азайған, яғни өндірілген өнімнің гектолитріне жұмсалатын электр энергиясы 60,7 кВт-тан 36,6 кВт-қа дейін төмендетілген.

«Эфес Қазақстан» Алматы зауыты қоршаған ортаны қорғау саласындағы өңірдегі көшбасшы болып табылады. Мұнда ақпасуды аэробты және анаэробты тазалау бойынша заманауи құрылыстар мен жабдықтар орнатылған. Зауыттың аумағын көгалдандыру мен абаттандыруға айтарлықтай қаражат бөлінеді.