Алматыда жаңа бастап жүрген суретшілердің көрмелері мен тұсаукесерлері үшін жаңа арт-кеңістік ашылады
Оңтүстік астананың орталығында жаңадан бастап жүрген және тәжірибелі суретшілердің көрмелері мен тұсаукесерлерін өткізуге арналған жаңа галерея – Efes Kazakhstan компаниясының EfesArt Space кеңсе - кеңістігі өз есігін ашады, ол көпфункционалды арт-платформаға айналады.
Efes Kazakhstan суретшілер мен дарынды өнер қайраткерлерін көрмелерге қатысуға шақыруды жоспарлап отыр. Болашақта барлық ниет білдірушілер осы арнайы ұйымдастырылған галереяда суретшілердің жұмыстарын көре алады.
Anadolu Efes Group - 30 жылдан астам уақыт бойы әлеуметтік саланың тұрақты даму стратегиясын жүзеге асыру аясында бүкіл әлемде мәдениет пен өнерді қолдайды және шабыт, жаңа мүмкіндіктер іздеу және қоғамды оқыту арқылы әлеуметтік салаға әсерін арттыруға тырысады.
Efes Kazakhstan компаниясы Art&creative Solutions қоғамдық қорымен бірлесіп, осы бастаманы жалғастырып, сурет өнері мәдениетін қолдайтын және мүлдем жаңа арт-экспириенс ұсынатын жоба ұйымдастырды.
Бастаманың мақсаты - өнер саласындағы қызықты идеяларға қолдау көрсету, Қазақстанның мәдени мұрасы мен тарихын сақтаудың маңыздылығын еске салу болып табылады.
Талантты суретшілер салған алғашқы тоғыз сурет бүгінгі күні ұсынылған. Әр сурет - ғасырлар бойғы дәстүрлерге, заманауи көзқарастар мен интерпретацияларға ерекше көзқарастың көрінісі.
«Қазақстандық заманауи төрт суретші EFES KAZAKHSTAN компаниясының фирмалық бейнелерін қайта түсіндіріп, арнайы көркем туындылар жасады. Олардың ішінде: Арыстан Шалбаев, Алена Welar, Аружан Жұмабек және Жанель Шахан. Бұл жоба компанияның кеңсе кеңістігінің сәйкестігін қалыптастыруға және жайлы жұмыс атмосферасын құруға бағытталған", – деп түсіндірді Ольга Веселова, Аrt&creative Solutions қоғамдық қорының кураторы.
«Efes Art Space ұйымының идеясы – адамдарды Қазақстанда әзірленген және жасалған іспен мақтан тұтуға ынталандырудың тағы бір тәсілі. Біз үшін дарынды жастарды біріктірудің жақсы дәстүрін жалғастыру өте маңызды. Біз мұнда шығармашылық кездесулер, презентациялар, конференциялар, суретшілер жиналыстары және басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Efes Kazakhstan тұрақты даму стратегиясы шеңберінде өнерді қолдай отырып, шығармашылық пен жасампаздықты таңдантдыратын және шабыттандыратын бастаманы іске асыруға қабілетті, қалаға бір ерекшелік сыйлайтын шешім қабылданды", – деп түсіндірді Маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Эркан Альп.
Кеңістік ашылған сәттен бастап компания көрмелерді өткізу мақсатында суретшілерден өтінімдер қабылдайды, олар ұйымдастырушылардың пікірінше, біздің елімізде жаңа таланттарды ашады және әр суретші өзін көрсете алатын тамаша орын болады. Көрмелер барлық келушілер үшін ашық.
Efes Kazakhstan компаниясы өнермен және шығармашылықпен байланысын жалғастыра отырып, Efes Art Space Award сыйлығы жарияланды. Компания суретшілерді көрмелерге қатысуға шақыруды және кеңсе кеңістігін бір жыл ішінде туындыларды көрсету үшін пайдалануды жоспарлап отыр, содан кейін кәсіби қазылар алқасының дауыс беруі негізінде ең жақсы көрме таңдалып, сыйлық беріледі.
Efes Kazakhstan компаниясының бұл тәжірибесі шағын топ арасында ғана белгілі көркем, музыкалық және театрлық жобаларды қолдауда халықаралық компаниялар үшін тамаша үлгі бола алады.