«EFES & MOST START PATH» АЙНАЛМАЛЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӨМІРТЕГІ ІЗІ КӘСІПТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ РЕСМИ ТҮРДЕ БАСТАУ АЛДЫ
EFES Kazakhstan стартап экожүйесімен, атап айтқанда MOST Бизнес-инкубаторымен серіктестікті бастайды және айналмалы экономика мен көміртегі ізіне назар аудара отырып, «EFES & MOST Start Path» кәсіпкерлік бағдарламасын іске қосады.
Бағдарламаға жеке тұлғалар мен командалар, тіпті идея сатысында да қатыса алады. Бағдарлама бірқатар іс-шаралардан тұрады, атап айтқанда инкубация, оқыту және Youth Business International әдіснамасы бойынша тәлімгерлер мен стартаптарға арналған брифинг, тәлімгерлік бағдарламасы, сондай-ақ Demo Day
Бағдарламаның мақсаты - Қазақстандағы айналмалы экономика мен көміртегі ізіне назар аудара отырып, қоғамның экологиялық тұрақтылық тақырыбында хабардарлығын арттыру, ұсынылған идеялардың, өнімдер мен қызметтердің, стартаптардың саны мен сапасын арттыру.
Бағдарламаның ресми іске қосылуы Efes Kazakhstan маркетинг жөніндегі Директоры Зейнеп Эркан Альп пен Алим Хамитов, CEO MOST Ventures, MOST Holding басқарушы серіктесі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюмен аяқталды.
Осы бастамамен Efes Kazakhstan корпорация мен стартап-экожүйе арасында көпір жасайды және Қазақстандағы стартап экожүйені қолдауда халықаралық компаниялар үшін тамаша үлгі бола алады.
ЦИРКУЛЯРЛЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӨМІРТЕГІ ІЗІ САЛАСЫНДАҒЫ "EFES & MOST START PATH" КӘСІПКЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИНКУБАЦИЯЛЫҚ БӨЛІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
EFES & MOST Start Path кәсіпкерлік инкубациялық бағдарламасы GreenTech стартаптарын құру үшін таланттарды қолдауға бағытталған. Қатысушылар бүкіл оқу кезеңінде кәсіпкерлік туралы практикалық және теориялық білім алды: стартап идеясын қалай ойлап табуға, орауға және алғашқы сатылымдарға жеткізуге болады. Бағдарламаны іске қосудың бастапқы кезеңінде 133 өтінім түсті, олардың ішінен 20 команда таңдап алынды. Үш айлық оқу барысында финалға 12 команда жетті.
EFES & MOST Start Рath инкубациясының арқасында, 4 команда идеядан дайын MVP-ге (минималды өміршең өнім) дейін өтті; 5 команда алғашқы сатылымға жетті; 19 жаңа жұмыс орны құрылды; 11 жаңа өнім мен қызмет әзірленді; 2 команда рұқсат құжаттарын ала алды және 3 команда грант пен 70 миллион теңге мөлшерінде инвестиция алды.
Айта кету керек, финалға жеткен стартаптар кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі түрлерімен айналысады: инновациялық-экологиялық материалдардан киім және аксессуарлар өндірушілері, органикалық көкөністер мен жемістерді жеткізу қызметі, әйелдер мен балаларға арналған экологиялық көп реттік гигиена құралдарын өндіру, Алматы су айдындарын қалпына келтіру және тазарту жобасы, кофе ұнтағынан табиғи былғары өндіру жобасы, жылыжайларға арналған кешенді қызметтер (тамшылатып суарумен жылыжайларды автоматтандыру), GPS технологиясын қолданатын күн панельдерін бақылау жүйесі және басқалар.
Соңғы ашық Demo Day қорытындысы бойынша 12 стартаптың 10-ы үш айлық тәлімгерлік бағдарламасына көшті:
1. Pieper - Уразбеков Бексултан
2. Urpaq Lab – Жәкенұлы Шыңғыс
3. Neo-ecology - Ермаченко Павел
4. Plastic harahura - Юрий Кирдюшкин, Екатерина Дмитриева
5. Ecokerek – Жумабай Жандос
6. 4GM - Майя Суюнчалиева
7. Easy Nomad - Батыров Данияр
8. Eco San – Аринова Сания
9. Ecosliv.kz – Паутова Елена
10. Vismut – Есиркепбай Джамиля
Forbes мақаласына сілтеме: https://forbes.kz/economy/startups/kazahstanskie_greentech-startapyi_ot_idei_do_pervyih_prodaj/
Digital Business мақаласына сілтеме: https://digitalbusiness.kz/2023-01-27/iz-1-stakanchika-kofe-stoyashhego-pered-vami-my-mozhem-sdelat-kozhanyj-kardholder-kakie-idei-zashhishhali-greentech-startapy-na-efes-most-start-path/
EFES & MOST START PATH КӘСІПКЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ МӘРЕ СЫЗЫҒЫНА ЖЕТТІ.
"EFES & MOST Start Path Entrepreneurship Program" инкубациясы мен тәлімгерлік бағдарламасының 8 финалисті инвестициялық комитет алдында өздерінің стартаптарын таныстырған Final Invest Demo Day нәтижелерімен бөлісеміз.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз:
1 орынды Neo Ecology командасы иеленді — Алматы су айдындарын қалпына келтіру және тазарту жобасы neo-ecology.net;
2 орынды пластикалық Hara hura @plastic_harahura иеленді — жиһаз, интерьер заттары және қайта өңделген пластиктен жасалған пайдалы бұйымдар өндірісі;
3 орынды URPAQ ECO иеленді. @urpaq.eco — кофе қалдықтарынан эко былғары өндірісі.
Көрермендер көзайымы жүлдесiне Neo Ecology жобалары мен 4GM — өсімдіктерді микроклондау курстары ие болды. 4GM @efes_kazakhstan — нан промо-ролик алады, ал Neo Ecology — Business Digital-да мақалаға мүмкіндік алады.