Created with Sketch.
Зауытқа экскурсия жасау
8 800 080 33 37шұғыл мәселелер бойынша шұғыл байланыс желісі
8 800 080 33 37 — шұғыл байланыс желісі, тәулік бойы
Зауытқа экскурсия жасау
Ертан Курт — Басқарушы директоры

1994 жылы Ыстамбұл университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 1997 жылы Ыстамбұл университетінің МВА курсын бітірген.

1994 жылдың қыркүйегінен бастап, сату және маркетинг бойынша FMCG секторында, сондай-ақ жалпы менеджмент саласында үлкен тәжірибесі бар.

2020 жылдың ақпанында Anadolu холдингінде Грузиядағы Anadolu Efes Бас директоры ретінде жұмысын бастады.

2023 жылдың наурызында Қазақстандағы Anadolu Efes Бас директоры болып тағайындалды.

Фатих Тексал — Персоналды басқару жөніндегі директор

Қарадениз техникалық университетін (Экономика) бітірді.

2006 жылы EFES Turkey Ankara зауытында персонал жөніндегі маман болып жұмыс істей бастады.

2010 жылдан 2013 жылға дейін Anadolu EFES'E штаб-пәтерінде өтемақылар және жеңілдіктер бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2014 жылдан бері сәйкесінше EFES Rus өтемақылар мен жеңілдіктер бөлімінің HR бастығы лауазымына тағайындалды.

Ол 2017 жылғы 17 қыркүйек және 2017 жылғы 18 наурыз аралығында ABInBev және EFES Rus компаниялардың интеграция жөніндегі тобының мүшесі болды. Кейінірек 2018 жылғы сәуір және 2018 жылғы шілде аралығында өтемақылар және жеңілдіктер жөніндегі менеджер лауазымына тағайындалды, Ресей мен Украина нарықтарына жауапты болды.

2018 жылғы тамызда Фатих Тексал мырза Anadolu EFES Kazakhstan персоналды басқару жөніндегі директоры болып тағайындалды.

Шыңғыс Қаскеев — Корпоративтік Қатынастар Департаментінің Директоры

Мәскеу мемлекеттік университеті, Азия және Африка елдері институтын тәмамдаған, 1993.

Шыңғыс Қаскеев мырза 9.07.2012 ж. бастап Эфес Қазахстан зауытының Мемлекеттiк құрылымдарымен байланыс және корпоративті қарым-қатынастар жөніндегі директоры лауазымына тағайындалды.

Оксана Тимофеева — Ақпараттық цифрлық бизнес-шешімдер (АЦБШ) директоры

2004 жылы Қарағанды экономикалық университетін "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша, ал екі жылдан кейін сол ЖОО-да "Экономика" мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

2019 жылы "Синергия" Университетінде шағын MBA стратегиялық менеджмент бойынша білім алды.

2021 жылы Нейрография институтында "Эстетикалық коучинг" мамандығы бойынша курстан өтті.

2003 жылы "Эфес Қазақстан" бухгалтері лауазымына қабылданды.

2009 жылы Қаржылық бақылау жөніндегі бастық лауазымына тағайындалды.

2013 жылы Ақпараттық жүйелер менеджері лауазымына тағайындалды, ал екі жылдан кейін қаржылық бақылау менеджері лауазымына ауыстырылды.

2022 жылы АЦБШ директоры лауазымына тағайындалды.

Зейнеп Эркан АЛП — Маркетинг департаментінің директоры

Зейнеп «Бизнесті басқару» мамандығы бойынша Билькент Университетін тамамдады.

2004 жылы Anadolu Efes Түркия Холдингіне Сауда өкілі ретінде қосылды.

2005 жылы Anadolu Efes Түркияның Маркетинг Дирекциясына Маркетинг жөніндегі маманы қызметіне ауысты.

2006 жылы Зейнеп Anadolu Efes Түркияның Маркетинг Дирекциясына Сауда белгісі жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

2012 жылы Зейнеп Anadolu Efes Түркияның Маркетинг Дирекциясына Маркетинг жөніндегі менеджері ретінде жоғарылады.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласындағы EFES Қазақстанда Маркетинг департаментінің директоры лауазымын иеленуде.

Озгюр Багырган — Өткізу департаментінің директоры

Озгюр Докуз Эйлюль Экономикалық Университетін тамамдады.

1998 жылы Anadolu Efes Түркия Холдингіне Сауда өкілі ретінде қосылды.

2000 жылдан бастап Озгюр Anadolu Efes Turkey Mediterranean– да Өткізу бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

2006 жылдан бастап Озгюр Anadolu Efes Turkey Mediterranean-да Өткізу департаментінің нарықты дамыту жөніндегі бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

Сонымен қатар, 2006 жылдан бастап Anadolu Efes Turkey Mediterranean-да Өткізу департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.

2009 жылы Озгюр Азербайжанда Anadolu Efes Beer Group Бас директоры ретінде жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап Озгюр EFES Қазақстанның Алматы қаласындағы Өткізу департаментінің директоры лауазымын иеленуде.

Федай Джошкун — Техникалық директор

Түркияның Хаджетеппе Университетін, сонымен қатар Ұлыбританияның Хэрриот Ватта Университетін тамамдады.

1996 жылы Anadolu Efes Түркия Холдингіне Жоба мен Бөлімшенің басшысы ретінде қосылды.

1998 жылы EFES Румыния, сондай-ақ INTERBREW Румыния өндірісінің басшылық қызметтеріне ауыстырылды.

2002 жылдың ақпан айынан бастап қазан айына дейін Anadolu EFES Түркияның Жоба мен Бөлімше басшысы лауазымына тағайындалды.

2002 және 2008 жылдар аралығында EFES Ресейдің Ростов зауытында Өндіріс басшысының орынбасары, кейін Ростов пен Уфа қалаларында Техникалық басшы ретінде қызмет атқарды.

2009 мен 2010 жылдар аралығында EFES Қазақстанның Қарағанды қаласында Зауыт Директоры ретінде, кейін 2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін EFES Қазақстанның Алматы қаласында Техникалық директор қызметіне ауыстырылды.

2013 жылдан 2016 жылға дейін EFES Украинаның Киев қаласында Техникалық директор лауазымын иеленді.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап маусым айына дейін Стамбул қаласында Anadolu EFES-тің Басты Кеңсесінде Сыра қайнату технологиялары бойынша басшысы қызметін атқарды.

2018 жылдың қараша айынан бастап EFES Қазақстанның Алматы және Қарағанды қалаларында Техникалық директор лауазымын иеленуде.

Метин Экинджи — Қаржы директоры

2022 жылы Билкент университетін "Менеджмент және іскерлік әкімшілік" мамандығы бойынша бітірді.

2002 жылы Anadolu тобына қаржы маманы ретінде қосылды.

2006 жылы "Эфес Ресей" қаржы менеджері лауазымына тағайындалды және 2014 жылға дейін "Эфес" сыра тобында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2014 жылдан 2021 жылға дейін Efes Georgia қаржы директоры болды.

2021 жылы Грузияда тағайындалғаннан кейін Efes Қазақстан қаржы директоры лауазымына тағайындалды.

Марапаттар