Жаһандық әлеуметтік науқандар
Біз тұтынушыларымыздың сыра мәдениеті және оны жауапкершілікпен тұтыну туралы білімін кеңейтуге тырысамыз. Ел аумағында «Сабырлылық – басты нәрсе» деп аталатын науқанды іске қостық. Эфес компаниясының негізгі ережесі: сыра ішуге бел будыңыз ба, алкогольді шамадан тыс ішпеу керектігін есте сақтаңыз. Қазақстанда бұл науқанды көшелерге осы мазмұндағы плакаттар ілу арқылы әлеуметтік жарнама түрінде қолдаймыз. 2012 жылдың тамызында науқанның форматын өзгерттік, «Шамаңа қара, салдарын біл» деген ұранмен алкогольді жауапты түрде тұтынуға шақырған әлеуметтік науқанды алғаш рет іске қосып, веб-баннерлерді интернет-аудиторияларға жарияладық. Жобаның жаңа форматы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі халықтың бәрін қамтуға мүмкіндік берді. 2013-2015 жылдары Алматы қ. түнгі клубтарына келушілерге өз организміндегі алкоголь мөлшерінің деңгейін анықтауына болатын салпыншақ-алкотестерді тегін тарату науқанын ұйымдастырдық. Науқанның мақсаты – өзін-өзі бақылау арқылы алкогольді тұтынудың мөлшерін білуге шақыру. 2017 жылы Алматыдағы «Мастер Жигули» сыра барында келушілердің алкогольді тұтыну деңгейін бақылауға көмектесу үшін тұрақты қабырғаға ілінетін алкотестер орнатылды.
Біздің тағы бір КӘЖ бағдарламамыз «Көлік айдағанда ешқашан спирттік сусын ішпе» деген ұранмен өткізіледі. Қазақстандағы көлікті мас күйінде жүргізген жүргізушілердің кінәсінен болған жол-көлік апатының саны 30%-ды құрайды екен. Клиенттерімізге айтарымыз: "Егер спирттік сусын ішсеңіз, көлік жүргізбеңіз. Үйіңізге аман-есен жеткеніңізге көз жеткізгіміз келеді». Алматы, Қарағанды және басқа да қалалардың көшелеріне көлікті мас күйінде жүргізуге қарсы болу плакаттары жарияланды. 2014 жылы спирттік сусындарды қолдануға қарсы плакаттардың көрмесі Алматы қ. арнайы ХҚО-да өткізілді.
Бағдарламаның тағы бір бағыты «Эфестің мас емес жүргізушісі» деген атауға ие. Бұл жобаның ұраны – «Заңды құрметте, жақындарыңды есіңнен шығарма! Мас жүргізуші – қылмыскер». 2013 жылы жаз маусымында Алматы қаласының бірнеше мейрамханалары мен барларында клиенттер жол-көлік апатының айыпкері немесе құрбаны болмас үшін, үйлеріне өз автокөліктерімен аман-есен жету үшін «мас емес жүргізуші» қызметін тегін көрсеттік. Жоба алматылықтардың арасында өте танымал, бұл қызметті жылына 2000-ға жуық адам пайдаланады екен. Бұл науқанды Алматы қ. Жол полициясы басқармасы мақұлдады.
Эфес компаниясында біз сыраны ересектерді рақаттандыру үшін ғана қайнатамыз, оларға заң бойынша біздің өнімдерімізді сатып алуға және пайдалануға рұқсат етіледі. Өзіміз жұмыс істейтін жердің бәрінде біз маркетинг саясатымызды ешқашан да кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға арнамаймыз және дистрибьюторларға өнімдеріміздің ең төменгі жас шектеуіне сәйкес келетін тұлғаларға ғана сатылуын бақылауды жүктейміз. Өйткені біз алкогольдің 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы үшін ең басты қауіпті фактор екенін білеміз. Сондай-ақ сауда орындарын Заңды сақтауға және алкоголь өнімдерін кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға сатпауға шақырамыз, сондай-ақ осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің бар екенін естеріне саламыз. Қазақстандағы "Алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаларға сатуға қарсы" науқаны аясында 2013-2014 жылдары еріктілеріміз ірі қалаларда 10 000-нан аса сауда орындарына кіріп, сатушыларға алкоголь сусындарын 21 жасқа толмаған тұлғаларға сатуға тыйым салған заңның қағидаларын түсіндіріп, мұндай құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің бар екенін ескертті. Дүкендердің бәріне "21+" деген стикерлер мен алкоголь өнімдерін кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға сатуға тыйым салу туралы ескертілген плакаттар ілінді. 2015 жылы АДК сауда орталығында осы мәселеге назар аударту мақсатында Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерт өткіздік. 2016 жылы Алматы қаласында белсенді азаматтарға арнап, спирттік сусындарды сату ережесінің бұзылғаны (21 жасқа толмаған тұлғаларға сату) туралы хабарлауға арналған «шұғыл желі» аштық. Бұл жоба туралы ақпарат БАҚ және әлеуметтік желілерге жарияланды.